ШҚО тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Екі адам көз жұмып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жантүршілгерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жол апаты 24 сәуір күні Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 1139-шақырымында (Глубокое ауданы, Березовка ауылы маңында) болған.
Mazda және JAC көліктері соқтығысқан. Оқиға куәгерлері апат орнынан түсірілген видеолармен бөлісті. Соққы салдарынан жеңіл көлік қатты мыжылып қалған. Адамдардың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. JAC көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
Оқыңыз