"Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар": Бектенов шетелден жұмысшы әкелуге қатысты пікір білдірді
Қазақстанда бос жұмыс орындарының бір бөлігіне жергілікті мамандар табылмағандықтан, шетелден жұмысшылар тартылып отыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзінше, ел азаматтары жұмыс істеймін десе, бос жұмыс орындары бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 745 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Оның 432 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Алайда бос орындардың 30-40 пайызы толмай қалады.
Осы мәселені талқылау кезінде премьер-министр елде жұмыс іздеген адамға жұмыс табылатынын атап өтті.
"Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс әрдайым табылады. Мына адамдарды, мамандарды шетелден алып келдік, осы жұмыс тоқтап қалмасын деп", – деді Олжас Бектенов.
Үкімет отырысында айтылған мәліметке сәйкес, жыл сайын Қазақстанға жұмыс істеуге 300 мыңға жуық шетел азаматы келеді.
"Мұны халыққа дұрыстап түсіндіру керек. Елімізде "жұмыс жоқ" деген сөз болмауы керек", – деді премьер-министр.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
