Зүлфия Чиншанло Қазақстан қоржынына үшінші қоланы салды
Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында қола медаль алып, Қазақстан құрамасына үшінші медальды салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлқа көтерудегі сәтсіздіктен соң Зүлфия 5-7 орынды бөлісіп қалған еді, алайда соңғы сәттегі жігер мен талпыныс қандасымызды Олимпиада тұғырына алып шықты.
Спортшының додасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсеткен жоқ.
Ол жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 123 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Чиншанло 213 келі көтерді.
Филиппиндік ауыр атлет алтын медальға ие болды. Ол барлығы 224 келіні еңсерді (97+127)
Күміс қытайлық спортшыға бұйырды (223 келі: 97+126).
Айта кетері, Чиншанло құрамамыздың қоржынына үшінші медаль әкелді. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон қола медаль иеленді.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"