Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін жарыстардан 8 жылға шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді қайта бұзғаны үшін сегіз жылға дисквалификацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2022 жылдың соңында жарыстан тыс кезеңдегі сынамасында анаболикалық "метандиенон" стероидінің іздері табылды. Содан бері ол спорттық қызметтен шеттетілді.
Бұған дейін үш дүркін әлем чемпионы 2012 жылғы олимпиаданың алтын медалінен айырылған еді. Талдауларды қайта тексеру кезінде одан тыйым салынған екі препарат "Оксандролон" мен "Станозолол" табылды. Осыған байланысты Чиншанлоны 24 айға жарыстан шеттетті, содан кейін ол Токио-2020-да "қоланы" жеңіп алды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі