Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зираттан қазып алды: Дәрігерлердің қателігінен кейін ата-анасы жаңа туған қызын көміп тастаған

Үндістанның Джамму және Кашмир аумағында Банихал қаласына жақын маңдағы ауылда бір отбасы жаңа туған қызын тірідей жерлеп тастады. Нәрестені дәрігерлер шетінеп кетті деп жариялаған.

Банкут ауылының тұрғындары Башарат Ахмад Гуджар и Шамиме Бегумның отбасында қыз бала дүниеге келген. Әйел аудандық ауруханада босанды. Дәрігерлер қызды шетінеп кетті деп жариялап, екі сағат бойы медициналық көмек көрсетпеген. Отбасы баланы Холлан ауылында жерлеуге шешім қабылдайды. Холлан халқы баланы өз ауылында жерлеуге наразылық білдірді. Олар оны отбасылық зиратқа жерлеуді талап етті. Жерлеу рәсімінен кейін бір сағат өткен соң ата-анасы нәрестені қайта жерлеу үшін қабірден қазып алғанда қыздың тірі екенін көрген.

Нәресте дереу ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін нәресте мамандандырылған ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің салғырттығына баланың туыстары наразы болды. Аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің екі қызметкері жұмыстан шеттетіліп, тергеу басталды.

Нәресте сәрсенбі күні Сринагарда шетінеді. GB Pant балалар ауруханасының дәрігері Назир Чоудхари нәрестенің интесивті терапия бөлімінде мерт болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сәби аз салмақпен өмірге келген әрі тыныс алу жүйесі бұзылған. 


Талқылау