Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зымыран түскен жердегі температура 4000 градусқа жетеді": Путин "Орешник" жүйесін ядролық қаруға теңеді

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында жақында сынақтан өткізілген "Орешник" жоғары дәлдіктегі зымыран жүйесі жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Путин

Видеодан скриншот

Владимир Путин "әріптестерінің өтініші" бойынша "Орешник" жүйесі туралы айтуға бел байлағанын жеткізді. Оның сөзінше, ұзақ қашықтағы нысандарды жоя алатын зымыранның бүгінде аналогы жоқ.

"Меніңше, мұндай зымыран жүйесі жақын арада пайда бола қоймайды. Зымыранның қалай жұмыс істейтінін айтайын. Ондаған зымыран бір уақытта ұшырылады. Жылдамдығы секундына 3 километр. Зымыран түскен жердегі температура 4000 градусқа жетеді. Білуімше, Күн беріндегі температура 5500-6000 градус шамасында. Сәйкесінше соққы радиусындағы заттар күлге айналады", – деді ол.

Сонымен қатар "Орешник" жүйесі тереңде орналасқан, жақсы қорғалған нысандарды да жоя алатынын жеткізді. Оның қуатын ядролық қарумен теңеп, мұны "жаппай жою қаруына" жатпайтынын мәлімдеді. 

"Біз қаруды соғыс жағдайында сынауға мәжбүр болдық. Нақты айтсақ, Брянск пен Курск облыстарында батыста дайындалған ATACMS пен Storm Shadow зымырандарымен соққы жасалған соң, жауап ретінде қолданылды", – дейді Путин.

Сондай-ақ Ресей президенті "Орешник" жүйесінің жаппай өндіріске енгізілгенін атап өтті.

"Осы санаттағы өнімдер бойынша біздің "мәзірде", бұлай айтуға болса әрине, жақын арады өзге де өнімдер пайда болады. Клиент разы болады дейді ғой", – деп келтірді Путин.

Еске салайық, бұған дейін Путин Украинаға жаңа баллистикалық "Орешник" ракетасымен соққы жасағанын мәлімдеген еді. 

“Бейсенбі күні Днепр қаласына ядролық емес оқтұмсық қолданылған соңғы "Орешник" зымыран жүйесімен шабуыл жасалды. Бұл батыстық сарапшылардың болжамына сәйкес, орташа қашықтықтағы зымыран еді. 19 қарашада Украина алты америкалық АТАКМС зымырандарымен Ресей аумағына шабуыл жасады, одан кейін британдық "Storm Shadow" және HIMARS-ты пайдаланды”, – дедіс сол кезде Путин.

Талқылау