"Жұмысшылардың жалақысын әкелген": Қостанай облысында кәсіпкерді тонап кетті
Қостанай облысында қарақшылық шабуыл жасалды. Облыс орталығының тұрғыны жұмысшыларға жалақы беру үшін салынып жатқан нысанға келген. Оған екі бейтаныс адам жақындап, ұрып-соғып, әмиянын қолынан жұлып алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияны құрылысы аяқталмаған ғимараттан айқай, шуға жүгіріп шыққан жұмысшылар шақырған.
Патрульдік полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына үш минут ішінде келді. Жәбірленуші полицейлерге күдіктілердің қай жаққа қашқанын көрсетті. Біреуі бірден ұсталды, екіншісі жасырынып қалды. Ол екі күннен кейін ұсталды.
"Олар бұрын сотталған 24 және 27 жастағы Тобыл қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеуші қылмыстық істі қысқа мерзімде тергеп, сотқа жіберді. Бүгін, 20 тамызда оларға үкім шығарылды", - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жәбірленуші Альберт Залалов тергеуші Дана Мальянинаға, жедел уәкіл Арлан Масақбаевқа және Өзбекті Қалиға алғыс хат жазды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған