Мұғалім ретінде жұмысқа тұру үшін дуа жасамақ болған қазақстандық әйел сотталды
Фото: depositphotos.com
Жамбыл облысында әйелге тұзбен жасалған “ерекше рәсім” үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жуалы аудандық сотының мәліметінше, айыпталушы орта мектептің дәлізіне және директордың кабинетінің алдына тұз шашып қоғамдық орынды ластаған.
Айыптылушы соттағы сөзінде мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келгенін, бірақ жұмысқа ораналаса алмағанын айтып, жұмысқа орналасуға тұзбен жасалған рәсім көмектеседі деп ойлаған.
Ақтөбеде Құранмен сендіріп, 136 адамға несие алғызған емші бостандыққа шықты
Сот отырысында айыпталушы жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда