Жұмысқа кіргізу үшін пара алған: Түрікстан облысында мектеп директоры 6 миллион теңге айыппұл төлейтін болды
Түркістан облысында пара алған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21 шілдеде Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент мектебінің директоры Ақмарал Айсадиковаға қатысты айыптау үкімін шығарды.
“Сот үкімі бойынша ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына алыстатылды, сондай-ақ сот оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Айсадикова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жұмыста көмек беру мақсатында 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды