Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов онлайн брифингте жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Қазіргі таңда вакцинация мәселесі өте өзекті болып тұр. Бізге өте көп сауалдар келіп түседі. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Дүйсенбіден бері ол норма күшіне енген болатын. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тестіден өтуі керек", – дейді бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 

Оспақұловтың айтуынша, еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек.


Қазақстанда бір жылда жұмыс орнында қанша адам қаза тапты


"COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін", – деді Төлеген Оспанқұлов.

Талқылау