Көлік министрі Астанадағы LRT құрылысына бюджеттен тағы 150 миллиард теңге сұрамақ
Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы LRT жобасының құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен тағы келесі жылға 45 миллиард теңге сұраған. Ал жұмыс көлемі ұлғайса, 150 миллиард теңгеге дейін қаражат қажет болады деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Қарабаев биыл жыл басында бұл жобаға 52 миллиард теңге бөлінгенін айтты.
“Бұқаралық ақпарат құралдарында қазір осы соманы біз сұрап отырмыз деген ақпарат шықты. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, іргетас қазықтарын қағуға бағытталды. Жұмыс 96 пайыз орындалды. Ал тіреу орнату жұмыстары 76 пайызға аяқталды. Құрылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары білуімше, 82 пайыз жасалды. Бұл – биыл аяқталған жұмыстар", – деді Марат Қарабаев.”, – деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, келесі жылы құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 миллард теңге керек болады.
“Қазір құрылыс алаңында 1,5 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер жұмыс ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 миллиард теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға көзделген. Алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысын бастайды, – деді министр.