"Жұлдыздың ата-анасын аузына алмайды": Гүлзира Айдарбекова құдағиын жер-көкке сыйғызбай мақтады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші құдағиының туған күнінде ерекше жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Продюсер екінші келіннің анасын туған күнімен құттықтады.
“Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болса да, Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын Алла! Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім. Сіздерден де құттықтауларыңызды, ыстық лебіздеріңізді күтемін!”, – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары келіні Жұлдыздың анасын сұрап, жарыса жазып жатыр.
“Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз, иә?! Сіз оны туған қызыңыз болып өзге әулетке келін етіп бергенде түсінер едіңіз! Тәрбиелі, кішіпейіл етіп дегенде Жұлдызды меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады, енді жеңілмес”, “Бірінші келініне ерегісіп жазып жатыр”, “Негізі орыс мінезді ме, не орысша тәрбиеде өскендер ме, сәл кішіпейіл болып келеді, ал таза қазақи тарибедегілер бір бірінен көп заттан кінәрат іздеп, бір бірінен көңілі қалып, аралары алыстай береді екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.