Жұлдызды әулеттің келіні Ақерке Бүркітбай сахнаға қайта оралмақ
Әнші Ақерке Бүркітбай декреттік демалыстан кейін сахнаға оралатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/akerkeburkitbay
Отбасылық жағдайлармен сахнадан көрінбей кеткен Асыл тобының арулары араға бірнеше жыл салып бас қосты. Қобызшы қыздардан құралған Асыл тобы қайта жанданбақ. Бұл туралы топ мүшесі Ақерке Бүркітбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
“Ана атанып, декреттік демалыстан шығып енді сахнаға қайта оралмақпыз. Бізді іздеп, сағынған тыңдарманымызға жаңа әндер мен композициялар дайындаудамыз. Сіздерден қолдау күтеміз”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Бастапқыда үш қыздан құралған топ Райхан есімді тағы бір арумен толықты. Жаңа құраммен шыққан Асыл тобы шығармашылыққа білек сыбана кірісті. Бұл сөзімізге желіде жарияланған түсірілім барысындағы сәттер дәлел.
Айта кетейік, Асыл тобы 2008 жылы Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анар Аязбаева сынды қобызда шебер ойнайтын әнші қыздардан құралған болатын.