Жұлдызай Дүйсенбиева жағдайының күрт нашарлағанын айтты
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығының күрт нашарлап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қыз-келіншектер, “Ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермей, өздеріңізді күтіңіздер. Ауырсаңыз ешкімге керек емессіздер. Бүгін дәрігер қабылдауында болдым. Жағдай мәз емес. Дегенмен үміт бар. “Ашуланбаңыз, сізге болмайды” дейді. Мені ашуландырып жатқандар, сендердің кесірлерің тиіп кетіп жүрмесін. Маған әлі өмір керек. Аянатым үшін, Алла шипа берші”, – дейді актриса.

Бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиеваның шұғыл ауруханаға түскені жайлы жазған болатынбыз.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
