"Жұлдыз үйқамақта болған жоқ": Қайрат Нұртастың анасы келіні туралы шындықты айтты
Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова "Жақсы адамдарым" бағдарламасында ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың 10 жыл бойы сахнада өнер көрсетпеуінің себебін түсіндірді.
Продюсер ол кезде Қайрат сахнаға енді ғана шыға бастағанын айтты.
"Мен мұны алғашқы күннен-ақ Жұлдызға айттым. Қайраттың енді сахнаның адамы екенін, бір күні үйде, бір күні түзде болатынын жеткіздім. Кейін бір-бірлеріңмен ұрсысып, менің көңіліме қаяу түсірмеңдер деп ескерттім. Ол түсінетінін, өзінің де өнер адамы екенін айтты. "Олай болса, менің көзімше ешқашан ұрсыспаңдар, реніштерің бөлмелеріңнен тысқа шықпасын" дедім. Жұлдыз уәдесінде тұрды. Олар біздің көзімізше ешқашан ұрсыспаған", – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың 10 жыл бойы немен айналысқанын айтып берді.
"Ол жұрт айтқандай үйқамақта болған жоқ. Немерелерімді дүниеге әкеле жүріп, келінім өзін-өзі дамытумен айналысып, көлік жүргізуді үйренді, оқуын аяқтады", – дейді әншінің анасы.
Продюсердің айтуынша, Жұлдыз бен Қайрат шетелдерге бірге шығып, туыстарымен еркін араласты.
"Жұлдыз екі ұл, екі қызды дүниеге әкеліп, аздап қолы босағасын, мен құдаларыма Жұлдыз Қайраттың жары ғана емес, нағыз жұлдыз болатынына уәде бердім. Оның уақыты келгенін айттым. Мен бір жыл бойы фильм сценарийін іздедім. Сөйтіп, Жұлдызды барлығына актриса ретінде таныстырдық. Олар 3 мың доллар жинап, осы фильмді шығарды. Бұл ақша аспаннан түскен жоқ, Қайрат оны қанмен, термен тапты деп айта аламыз", – дейді продюсер.
Бұған дейін белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кәріс отбасында тойда болып, отбасы мүшелерінің Қайрат Нұртасты қалай кұрметтейтінін айтып берді.