Жұлдыз Әбдікәрімова отандық комедияда басты рөлді сомдамақ
Жұлдыз Әбдікәрімова кино алаңына оралды. Он жыл елден жасырынған актриса 2017 жылы "Арман/Когда ангелы спят" фильмінде басты рөлді сомдаған еді. Одан кейін театр қойылымында бағын сынап көрді. Енді Жұлдыз комедиялық фильмге түспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айтар жаңалығым өте көп. Соның бірі өзімнің ең үлкен жобамды аяқтай сап, жаңа киноға бір рөлді сомдауға келдім. Қалай ойлайсыз, бұл жолғы образым, рөлім қандай?" – деп бөлісті ол.
Белгілі болғандай, Жұлдыз басты рөлді сомдайтын фильм "Робот әйел" деп аталады. Кинокартинаны MANDARIN Pictures кинокомпаниясы түсірмек.
Жұлдыздан бөлек, фильмде Қуандық Шәкіржанов, Абунасыр Серіков сынды белгілі комедия майталмандары бой көрсетеді.
Атап өтерлік жайт, үлкен экрандардан көрерменге жол тартатын фильм Қазақстанмен бірге Өзбекстан елінде көрсетіледі екен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”