Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ондайды тек Дубайда естіп едік": Мәдина Сәдуақасова президенттің жолдауы жайлы пікір білдірді

Президент  Тоқаевтың 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауы әртістер арасында да қолдау тапты. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова балалардың шотына аударылатын ақша туралы бұған дейін тек БАӘ-де естігенін айтса, Мөлдір Әуелбекова енді перзенттерімнің болашағына алаңдамаймын деп қуанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше негізі күшті күн болды! Бала мектепке барды, барша оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды тағы да құттықтаймын!
Маа, президентіміздің қазақ халқына жолдауын кім көрді?
Ұлттық қордағы табыстың 50 пайызы балалардың шотына аударылады. Ондайды тек Дубайда естіп едік. Сосын бала туылғанда баяғыдай 1 жыл емес, 1, 5 жыл бойы төлемдер жүріп тұрады екен, ол келесі жылдан (2023). Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас деп бекітіліпті. Апамыз (енем) зейнетке шығуын қуып, жете алмай жүр еді, дұрыс болыпты.
Оқу үшін жеңілдетілген азғантай пайызбен кредиттер берілетіні ше?! Баяғыдан армандап, тілеп жүргеннің барлығы келіп жатқан сияқты, шүкір. Бірте-бірте бәрі жақсарып келе жатқан сияқты.
Негізі өте көп жақсы өзгерістер болайын деп тұр-ау елде. Президенттің жолдауын кім көрді?" – дейді Мәдина Сәдуақасова. 

Сол сияқты Мөлдір Әуелбекова балаларының болашағы үшін енді алаңдамайтынын айтып қуанды. 

"Көптеген мәселелер көтерілді, көңіл тоярлықтай жауап алдық деп ойлаймын. Соның ішінде ата-аналарымыз үшін қатты қуанып жатырмыз. Зейнетке шығу жасы 61 жас болып тіркелді. Екі баланың анасы ретінде мені қуантқан үш мәселе бар. Енді балалар жәрдемақысы 1,5 жасқа дейін төленеді. Бұл бізге жасалған өте үлкен мүмкіндік, жеңілдік. Баршамызды құттықтаймын! Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50 пайыз балаларымыздың шотына аударылады. Енді олардың оқуына, болашағына алаңдамауымызға толық негіз бар", – деді Әуелбекова.

Талқылау