Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұқтырғандардың 75%-ы көз жұмады: Үндістанда қауіпті вирус таралуда

Үндістанда жұқтырғандардың 75%-ын өлімге алып келетін вирустың жаңа түрі таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Үндістанның Керала штатында өлімге әкелетін Nipah вирусының өршуі тіркелді. Бұл туралы Вайн Джордж штатының денсаулық сақтау министрі мәлімдеді деп хабарлайды

Министрдің айтуынша, жаңа вирустың белгілері 11адамда анықталған. Олар қазір ауруханаға жатқызылған, жағдайлары тұрақты. 

"Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханада 38 адам оқшауланған, олардың 11-де симптомдар пайда болды. Сегіз адамнан алынған сынамалар Ұлттық вирусология институтына тестілеуге жіберілді”, – деді Джордж.

Бұған дейін Үндістанның Керала штатында Nipah вирусының өршуіне байланысты 12 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Керала тұрғындарына індет туралы жеке түрде хабарланады. Аурудың таралуын бақылау үшін штаттың шекара қақпаларында қауіпсіздік бекеттері орналасқан.

Нипа жедел респираторлық инфекциялар мен энцефалит тудыруы мүмкін. ДДСҰ бұл вирусты жұқтырған адамның 40-75%-ы көз жұматыны туралы ақпарат берді. Алғаш рет "Нипах" 1998-1999 жылдары Малайзияда анықталды, ол мезгіл-мезгіл Бангладеште пайда болады. Оған ем жоқ.

Талқылау