Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие алу үшін ерлі-зайыптының өзара келісімі керек: Қандай сомаға дейін рұқсат қажет болады

Бүгін cенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото / Pexels / Mikhail Nilov

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, банк беретін қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын төмендету ескерілген. Ол үшін заңда кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған азаматтарға кредит беруге тыйым салу қарастырылған, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу шарасы енгізіледі. 

Өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша мерзімі өткен соң 90 күннен кейін сыйақыны есептеуге тыйым салынады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылған.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, заң аясында жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу нормасы сақталды. Енді несие сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен артық болса, оны алу үшін ерлі-зайыптының өзара келісімі керек болады.

Сонымен қатар заңды екінші оқылымда талқылау барысында бас комитеттің, басқа комитеттер мен сенат аппараты бөлімдерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескеріле келе, мәжіліс қабылдаған заңға бірқатар бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұған дейін ендігәрі қазақстандықтарға биометриясыз электронды банк несиелері берілмейтінін хабарлаған едік.

Талқылау