Жүзден жүз балл: Димаш Құдайберген магистрлік диссертациясын қорғады
Танымал әнші Димаш Құдайберген магистрлік диссертация қорғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әнші ең жоғары балл алды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің магистратурасында білім алған өнер иесі магистрлік диссертациясы дәстүрлі музыка өкілдеріне арнаған.
"18 мамырда Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде Димаш Құдайберген "Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі" тақырыбындағы магистрлік диссертациясын қорғады. Коронавирус инфекциясының қаупіне байланысты емтиханды қашықтықтан тапсыруына тура келді. "Композиция" мамандығының магистранты ең жоғары балл алды - 100 балл", - деп атап өтті ҚазҰАУ.
Сонымен қатар, университет Димаш Құдайбергенді енді докторантураға шақырды.
Барлығымызға белгілі Димаш композитор және көп аспапты жетік менгерген. Енді бүгіннен бастап сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі магистр атанды.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"