Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүз жасында жұмыс істеп жүрген кейуана ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті

АҚШ-та жүз жасқа келген кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі USA Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Today show

Мириам Тодд 1924 жылы Нью-Джерсиде дүниеге келген. Жүз жасқа толған ол, 2024 жылы мерейтойын атап өтіп, зейнетке шығудан бас тартты. Әйел ата-анасы ашқан дүкенде 1975 жылдан бері жұмыс істейді. Әлі күнге дейін аптасына 50 сағатқа жуық уақытын жұмыста өткізеді. Әйел күні бойы үйде не істейтінін білмей, бизнеспен айналысуды жөн көрген.

Тоддтың анасы да өмір бойы дүкенде жұмыс істеген. 

"Мен жұмыс істеймін деп айта алмаймын, өйткені өз ісім ұнайды. Сондықтан жұмыс істеп жатырмын десем, өзімді кінәлі сезінемін. Бұл өмір әркімге бұйыра бермейді, бірақ маған жарасады. Менің анам да солай болды", - деді Тодд. 

Сонымен қатар, Тодд 60 жаста зейнетке шыққысы келетін адамдарды түсінетінін жеткізді. Өйткені әркім әртүрлі нәрсені ұнатады.

Әйел әлі күнге дейін көлік жүргізеді, өзі дүкен аралап, тамақты істейді. 

Тоддтың айтуынша, оның ұзақ өмір сүру құпиясы генетикамен емес, салауатты өмір сүрумен байланысты. 

"Көкөністерді көп жеп, майлы немесе қуырылған тағамдарды тұтынбаймын. Өзім көкөніс өсіремін. Себебі өңделген тағамдар ұнамайды. Алкоголь мен тәттілерден бас тартқанмын. Ешқашан денсаулығымда күрделі проблемалар болған жоқ. Соңғы үш жылда көру қабілетімнің нашарлауына байланысты бір рет дәрігерге қаралғанмын", - дейді кейуана. 

Сондай-ақ ол дүкендегі жұмысына байланысты бассейнде жүзіп, күндіз көп қозғалатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та 100 және 102 жастағы қарттар отау құрғаны туралы жазған едік. 

Талқылау