Жұртты шулатқан Диана Шурыгина тұрмысқа шыққалы жатыр
Малаховтың бағдарламасына шақырту алғанға дейін Диана Шурыгинаны ешкім танымайтын еді. Бір кездері жұртты шулатқан бойжеткен тұрмысқа шыққалы жатыр.
Бұл туралы ntv.ru арнасы хабарлайды.
Кез келген мәдениетті орта Диана Шурыгинаны оңайлықпен қабылдамайды. Себебі, бір кездері ол өзін зорлады деп жігітке “жала жапқан” болатын. Десе де, бұл оқиғадан кейін айыпталған жігіт 3,5 жылға қамалды. Ақырында 18 жастағы бойжеткен Ата Заң мен қылмыстық кодексті жаттап алып, өзін қорғай алатын дәрежеге жеткен.
Күні кеше халық алдында абыройы төгілген бойжеткен тұрмысқа шыққалы жатыр. Той алдында жүйкесінің жұқарып жүргенін жасырмайды. Шурыгинаның жаңа сүйіктісі өзінен 12 жас үлкен.
“Қыздардың барлығы маған қызғанышпен қарап жүр. Себебі, мен 18 жасымда тұрмысқа шығып барамын”, – дейді ол. Бір қарағанда тәрбиелі отбасынан шыққан күйеу жігіті екеуінің арасында еш байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. “Мен оған ессіз ғашық болдым. оның мені де ерекше жақсы көретініне көзім жетті. Сол себепті, оған үйленуді жөн көрдім”, – дейді жігіт.
Диана бұл жолы махаббат пен өшпенділікке толы оқиғаға жылдам нүкте қойып жатқан секілді. Бүгінде Диана Шурыгина жұлдызға айналып, бар шындықты бүкпесіз айтып жүр.
Жіберіп алмаңыз:
Майра Ілиясова Баян Есентаеваның өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады
Ақтөбедегі студенттер сарайы Жанар Айжановадан қайнаған су үшін мың теңге сұраған
Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді
Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген