Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт мүгедек жанға көмектескен атыраулық полицейге риза болды

Атырау тұрғыны полицейдің ізгі әрекетін видеоға түсіріп алып, тәртіп сақшысына алғыс білдіріп жазбаны желіге таратты.

18809054_566495886807525_962753800282570752_n

 

“Бүгін ЖПК (жол патруль қызметі) инспекторы жасаған жақсы әрекеттің куәгері болдым. Балықшы ауданында аптап ыстықта арбаға таңылған адам Қызыл Әскер бойында кетіп бара жатты, – деп жазды қала тұрғыны.

Оның сөзіне қарағанда, полиция көлігі тоқтап, ішінен жас жігіт шыққан. Ол арбаға таңылған адамның қасына жақындап, оны көлікке отырғызады да, арбасын жүк салғышқа салады. “Мен қайда апаратынын бақыладым. Полицей оны Балықшыдағы базаға жеткізіп салды. Рамазан айында – сүйсіндірерлік іс. Жарады. Сондай жігіттер көп болса екен”, — дейді көзбен көруші.  Қорыта келе Атырау тұрғыны осындай әрекеті үші тәртіп сақшысына алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: 

Қазақтың халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа сот үкімі шықты

Шымкенттегі жезөкшелер ордасында амалсыз қызмет етіп жүрген қызды клиент жігіт құтқарып қалды (видео)

Өзгелердің мазағына қалған науқас қыз модель болуға бел байлады (фото)

Талқылау