Жұрт Асхат Тарғынның жас келіншегін қызымен шатастырып алды
«Мария арман едің» әнімен танылып шыға келген әнші Асхат Тарғын жуырда екінші рет отбасын құрды. Ол өзінен 12 жас кіші Әлия есімді арумен бас қосты. Әншінің тойы 12 сәуір күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойланбақ.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Асхат Тарғын бүгін келіншегін жаңа жасқа қадам басуымен құттықтады.
«Біреу естіп, біреу естімеген болар. Аллаһтың қалауымен Əлия есімді арумен бас қосқалы жатырмын. Жəне де бүгін оның туған күні! Шын жүректен туған күніңмен құттықтаймын! Өмір жасың ұзақ болсын! Өміріміздің ақырына дейін бірге болуды Алла нәсіп етсін!» – деп ақ тілегін жеткізді Асхат.
Желі оқырмандары қолына бақ құсын қондырған әншіні құттықтап, бақытының баянды болуын тіледі. Ал кейбіреулер әншінің жас келіншегін оның қызымен шатастырып жатты.
«Бақытты болыңыздар, жарыңыз өте әдемі екен», «Сізге ұқсайды екен, мен қарындасыңыз деп қалдым», «Кішкентай қыз ба?», «18 жасқа толған ба?», «Мен балаңыз екен деп қалдым», «Мен туған қызы ма деп ойлап қалдым», «Қызыңыз екен деп ойлап қалдым. Бақытты болыңыздар, туған күні құтты болсын», – деп пікір білдірді желідегілер.
Есте болса, әнші үйленбес бұрын жалғыз қызынан рұқсат сұрағанын айтқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт Луинаның “жыртық” шалбарына “ит талаған” деп баға берді
Әлеуметтік желі арқылы дауыс беру Димаштың байқаудағы нәтижесіне әсер етпейді