Әлия Назарбаеваның қолдауымен “Томирис” фильмі түсірілмек

“Қазақфильм” АҚ мен “Сатайфильм” бірлесе отырып жаңа ауқымды тарихи жобаға кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

11a253bebb56928838bf37ab8855ece4

Фото: e-history.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева. Ол бұған дейін де “Анаға апарар жол” картинасына да басшылық еткен еді.

Кинода б.з.д. VI ғасырға дейінгі оқиғалар қамтылады.

“Фильмді түсіру идеясын Әлия Назарбаева ұсынды. Мен және біздің ұжым “Анаға апарар жолда” табысты жұмыс атқарғаннан кейін бұл жобаға да ерекше қуанышпен, жауапкершілікпен кірістік. Қазір әзірлеу, сценарий жазу, ғалым-кеңесшілер іздеу секілді дайындық жұмыстары жүргізілуде”, – деді режиссер Ақан Сатаев.

Түсірілім 2017 жылдың қазан айында басталмақ. Актерлер кастинг арқылы іріктеп алынады. Фильм премьерасы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

“Келін” телехикаясындағы Ананди қазақстандық телехикаяға түсті (фото, видео)

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

Қайрат Түнтеков: Барлығын тастап Қазақстаннан кеткім келді (видео)

Астаналық имамдар мешітте туған күнін тойлаған Қарақаттың шектен шыққанын айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр