Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның Халық жазушысы” атағы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, марапат ақынға ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды.
Құрметті атақты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған концертте салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ қала әкімі мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, Жүрсін Ерман “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын екі мәрте иеленген.
Еске салайық, бұған дейін 75 жасқа толған Жүрсін Ерман өлең жазбағанына 5 жыл болғанын айтып, жан сырын ақтарған еді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”