Журналистер арасындағы «AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2022» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
«AMANAT» медиа сыйлығы БАҚ жанрына қарамастан тақырыптық бағыттар бойынша беріледі. Сондай-ақ байқауда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін номинациялар қарастырылған.

Өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.
Тақырыбы бойынша:
- «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;
- «AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;
- Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;
- Аймақ туралы үздік материал;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; туралы үздік материал;
- Жастар туралы үздік материал;
- Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал.
Арнайы сыйлықтар:
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;
- Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
- Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.
Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.
Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-778-097-55-23.
Электрондық мекенжай: [email protected]
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр