Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Қонаев сотында қоғам белсендісі, журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша жарыссөз өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Азаттық Радиосына” сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/dumanmukhammedkarim
Прокурор сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы соттан Думан Мұхаммедкәрімді үш жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айыруды талап етті. Бұл туралы адвокат Мұрат Жолшиев мәлімдеді.
Еске салайық, ND YouTube арнасының авторы 46 жастағы Думан Мұхаммедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілініп, маусымның соңында қамалған. Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналист ісінің саясиланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан.
Бұған дейін министр Аида Балаева Думан Мұхамедкәрімнің ісі жайында пікір білдірген еді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"