Журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті
Фото: ашық дереккөз
Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.
Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "Қазақстан" телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.
Ол мемлекеттік "Қазспорт" телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.
2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады