Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шұңқырға құлаған құтқарушылар автобусы жарты жылдан кейін Майқайыңнан табылды

Павлодар облысының әкімдігі "Майқайың алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдіктіктің дерегіне сенсек, 24 шілдеде кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр екен.

"Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазір көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді. 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру нәтиже береді деген үміттеміз", – деп жазды әкімдік.



Еске салайық, таяуда Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылғанын жаздық. "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты.

Талқылау