Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүкті келіншекті қуантқым келді": Әсел Асқар бейтаныс оқырманына сыйлық жасады

Танымал актриса Әсел Асқар сауда орталықтарының бірінде кездескен оқырманын қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Өнер иесінің тосынсыйына оқырманы алғыс білдіріп, жылап қалды.

“Қарағандыдан келіп едік. Туған әпкем екеуіміз киім қарап жүргенбіз. Осы жерге келерде “Әсел Асқарды көріп қалсам, иә?” деп айтып едім, ойымды жинап үлгергенімше болған жоқ, алдымнан шыға келді. Ол кісімен танысып, қатты құшақтадым. Тіпті, көзімнен жас шығып кетті. Мүмкін жүкті болғаным үшін шығар. Сондай кезде гармондар құбылып, түрлі эмоция болады ғой. Жүрегімді әлі баса алмай тұрмын”, – деді бейтаныс келіншек. 



Оқырманының ерекше жақсы көретініне көзі жеткен актриса табан астында оған сыйлық жасады. 

“Ештеңе кездейсоқ болмайды. Сауда орталығынан шығып, спорт киімдерін сататын бутикке барғым келді. Не үшін барғаным белгісіз. Енді түсіндім. Менің Бусинкам осында әкелген сияқты. Келген бойда маған 2 қыз жүгіріп келді. Олар естелік ретінде суретке түсуімді өтінді. Әрине келістім. Сосын дауысы дірілдеп жылап қалды. Қатты ұялдым. Ол мені көріп, абдырап қалғанын және жүкті екенін айтты. Жылағанының себебін гармондармен байланыстырды. Сосын жүкті әйелді қуантқым келді. Менің кішкентай сыйлығымнан бас тартпағаны үшін оған ризамын. Өзіме ештеңе алған жоқпын. Ал оқырманым жаңа костюм алды", – деп қуанды актриса. 

Еске салайық, желі жұлдызы отбасы бар еркекті ұнатып жүргенін жасырмаған еді. 

 

Талқылау