Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйел күйеуін акуладан құтқару үшін қайықтан суға секірген

АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы Флорида Кейс архипелагының жанында жүкті әйелі күйеуін акуланың аузынан аман алып қалды. Бұл туралы жергілікті the Miami Herald газеті жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Оқиға жексенбі күні таңертең, 20 қыркүйекте, 30 жастағы Эндрю Эдди әйелі Марго Дьюкспен және балаларымен бірге жеке қайыққа мінген кезде орын алды. Эндрю маскамен суға сүңгіп кеткенде оның иығынан ұзындығы 2,7 метр акула тістеген.

"Дьюкс көз қиығымен акуланы байқап қалған. Содан айналасы бірден қызыл қанға боялды. Дәл сол мезетте жүкітілігіне қарамастан Марго суға секіріп, Эндрюді қайыққа әкеледі", - делінген полиция хабарламасында.

Билік акула шабуылы нәтижесінде Эндрю ауыр жарақат алып, ал әйелі зардап шеккен жоқ дейді. Ер адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, оған дер кезінде көмек көрсетілген.

 

Талқылау