"Жүк салғыштан адамның аяғы салбырап тұрған": Петропавлдық жүргізуші жазаланды
Петропавлда аяқ киімі бар адам аяғының муляжын көлігінің жүк салғышынан салбыратып, көшеде жүрген жас жігіт табылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2 ақпан күні Петропавл қаласының әлеуметтік желілердегі пабликтерінде видео тарады. Онда автокөліктің жүк салғыш бөлігінен аяқ киімі бар адамның екі аяғы шығып тұрған.
"Тәртіп сақшылары ВАЗ-2112 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ұстады.
Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген полиция мәліметінде.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”