Жұбайларын бейнебаянға түсірген жұлдыздар кімдер? (фото, видео)
Соңғы жылдары жарын бейнебаянға түсіретін әншілер қатары көбейген. Олардың арасында шаңырақ көтерісімен-ақ заңды жұбайларын елге таныстырғандар, сондай-ақ, бірнеше жыл бойы жасырып келіп бейнебаянға түсірген жұлдыздар да бар.
Stan.kz назарларыңызға бейнебаянға екінші жартыларын түсірген әншілер тізбегін ұсынады.
Екі рет шаңырақ көтерген әнші әрі сазгер Марат Омаров жас келіншегіне бірнеше ән арнап, екі бірдей бейнебаянына түсірген. Оның алғашқысында сазгер жарына деген сезімін білдірсе, екіншісінде кішкентай қызы Бибімәрияммен дуэт айтып, тұтас отбасын көрсеткен.
Жас әншілер арасында жұбайын экранға шығарған әншілердің алғашқысы – Алмас Кішкенбаев. Әнші отау құрысымен-ақ жары Мөлдірді «Алдайды» атты бейнебаянына түсірді.
Әнші Серік Ибрагимов те үйлене салысымен келіншегі Айнамкөзді «Махаббатым» атты бейнебаянына қатыстырды. Аталған клипте Серік пен Айнамкөз жанама рөлді сомдайды. Айнамкөзге арнаған бұл әнін Серік алғаш рет өзінің үйлену тойында орындаған болатын.
Ұзақ уақыт бойы үйленгенін жасырып келген әнші Айқын Төлепберген де жұбайын бейнебаян арқылы таныстырды. Бұл – Айқынның ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен бірігіп түсірген клипі болатын.
Сол сияқты біраз жыл жұбайын елге көрсетпеген Дастан Оразбеков оны клип арқылы таныстырды.
Отандық шоу-бизнесте отбасылық дуэттер көп. Қыдырәлі мен Қарақат, Тоқтар мен Бейбіт, Жанболат пен Жазира, Бүркіт пен Айша, Мирас пен Құралай және т.б. жұлдызды жұптар онсыз да бейнебаянға бірге түседі. Әсіресе, мыңдаған қыздың жүрегін жаулаған Бүркіт Айшаны еш жерден тастамайды. Тіпті, жеке әнші ретінде түсірген бейнебаяндарына Айшаны қатыстырады. Мәселен, соңғы шыққан “Бәрібір маған” атты клипінде Бүркіттің жары Айша мен ұлы Зейін бой көрсеткен.
Еліміздегі ең танымал “хитмен” Қайрат Нұртас жеке өмірін елден жасырады. Десе де оның жұлдызын жаққан “Арман” атты алғашқы бейнебаянындағы (2006 жыл) Жұлдызды ел әншінің жары ретінде таниды.
Айтпақшы, қазіргі уақытта KN шығармашылық ұжымы “Келін” атты фильм түсіріп жатыр. Жаңа фильмде Қайраттың 10 жылдан бері елден жасырған құпиясы ашылады деп күтілуде.
Айтпақшы, тек жігіттер ғана емес, нәзік жандылар да өздеріне қорған болып отырған асыл жарларын клипке түсіре бастады.
Мәселен, Мөлдір Әуелбекова жары Арыстанға арнап «Бірге жанымыз» атты әнге бейнебаян түсірді. Арыстанның өзі тікелей түсірілімге қатыспаса да, клипте Арыстан мен Мөлдірдің үйлену тойындағы суреттер көрсетіледі.
Сол сияқты әнші Сиви Махмұди жуырда таспалаған бейнебаянына күйеуін түсірді. Ол күйеуінің дене сымбатымен мақтанатынын айтқан еді. “Мен үшін одан асқан көрікті жігіт жоқ” дейді Сивидің өзі.
Жіберіп алмаңыз:
“Келін” телехикаясындағы Ананди қазақстандық телехикаяға түсті (фото, видео)
Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)
Қайрат Түнтеков: Барлығын тастап Қазақстаннан кеткім келді (видео)
Астаналық имамдар мешітте туған күнін тойлаған Қарақаттың шектен шыққанын айтты