"Жөтелсем, қабырғам сынып кететіндей": Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/aidyn_nury
“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Бір қызығы ақынның анасы да ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан.
“Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?! Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам”, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.

Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады