Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖОО оқытушыларының жалақысы мен докторанттардың шәкірақысын көтеру керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университет оқытушыларының жалақысы мен докторанттардың шәкіртақысын көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұстаз

"Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймынг. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек", - деді Тоқаев. 

Бұған қоса ол доктаранттардың шәкіртақысын 150 мың теңгеге дейін көтеру керек екенін айтты. 

«Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады», - деп қосты президент. 

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есеге өсетінін мәлім еткен еді. 


 

Талқылау