Жолдау болашақ ұрпақтың әлеуметтік, демографиялық мәселесін шешеді
Ел Президентінің Жолдауы жан-жақты, барлық саланы қамтыған. Бүгін маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер шын мәнінде Әділетті мемлекеттің символына айналғанының куәсі болып отырмыз.
Мемлекет басшысы "Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы" деп нақты атап өткеніндей бұдан былай Қазақстанның әрбір азаматына ұлттық байлықтың игілігін көруге мүмкіндік жасалады. Бұл – бұрын-соңды қабылданбаған тың шешім болып тұр. Мұндай тәжірибе БАӘ-де кеңінен қолданылып келеді.
Биылғы "Балалар жылы" аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етеді. Енді 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының тең жартысы балалардың есепшотына аударылады. Әр бала кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспаналы болуына немесе білім алуға жұмсалады. Бұл өз кезегінде болашақта қазақстандықтардың тұрғын үй мен әлеуметтік мәселесін шешуге жағдай жасап қана қоймай, демографияның өсуіне оң ықпал етеді.
Шалатай Мырзахметов,
Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі