Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар Астана әуежайында кондиционерлердің дұрыс жұмыс істемейтініне шағымданды

Астана әуежайында жолаушылар кондиционердің дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, шағымданды. Ал әуежай жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fotografersha.livejournal.com

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы климаттық бақылау жабдықтары жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бұл әуежай ғимараттарында тиісті микроклиматты қамтамасыз ететін және барлық қажет санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтайтынын хабарлады.



“Салқындату жабдығының жоғары жүктемесіне байланысты салқындатқышты басқару жүйесі толық қуатында жұмыс істемейді. Бірақ қазір әуежайда мүмкін болатын сәйкессіздіктерді жою үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.

Халықаралық әуежай жолаушылардан жағдайға түсіністікпен қарап, төзім танытуды сұрады. Сондай-ақ олар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жолаушылары Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа терминалда ұзын-сонар кезек болатынын және талапқа сәйкес жасалмағанын айтып, шағымданғаны туралы жазған едік. 

Талқылау