Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Екі мейірімді жан жолықты”: Жолаушы мен такси жүргізушісінің видеосы көп жүрегін елжіретті (видео)

Dalip.kz есімді қолданушының Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеосы көпті елжіретті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Кадрлардан белгіленген мекенжайға жеткін жігіттің такси жүргізушісіне жеткізіп салғанына және қазақша сәлемдескеніне алғыс айтқанын байқауға болады.

“Әдетте такси жүргізушілері белгіленген мекенжайға жетпей тұрып, “келіп тұрмын” деген белгіні басып қояды. Бірақ мұның майда-шүйде нәрсе екенін түсіндім. Себебі менің өзім мекенді бұрыс көрсетіп қойыппын. Сол кезде такси жүргізушісіне жақын маңға жеткізіп салуды өтіндім. Бұл кісі еш проблемасыз мені өз мекенжайыма жеткізді”, – деп жазды видео авторы.

Рашид есімді жүргізуші бүгін шаршағанын, осыдан кейін үйіне қайтатынын айтқан. Сол кезде жолаушы оған 20 000 теңге беріп, “ертең жұмысқа шықпай, демалыңыз” деген ұсыныс айтты. 

Сондай-ақ видео авторы жүргізушінің қазақша сөйлегеніне алғысын білдірді. Рашид бейтаныс адамның 20 мың теңге бергеніне алғысын айтты. Жігіт көліктен түсіп 1-2 метр ұзаған кезде такси жүргізушісі сигнал басып, жолаушының жанына келіп, оған тағы да алғыс білдірді. 

“Көп рақмет”, – деді ол көзіне жас алып. 

Желі қолданушылары аталған видеоға жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектерін жеткізді. 

“Бұл менің көршім. Жылы жүзді, өте мейірімді адам”, “Әдебі мен жарқын мінезі бірден білінеді. Адамдармен қарым-қатынасы да өте жақсы екені бірден көрінеді”, “Екі мейірімді адам жолықты”, – деп жазды олар. 

Талқылау