"Жоқ боп кетті": Болат Назарбаеватың экс-тоқалы Қайрат Нұртасқа өкпелі екенін айтты
Өзін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалымын деп таныстырған Динара Әлжан шоу-бизнестегі әріптестеріне ренжулі. “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында ол қиналған шағында жақсылығы өткен Қайрат Нұртастан еш қайыр болмағанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ойынханадағы оқиғадан кейін Динара Қайрат Нұртаспен Шымкенттегі караокелердің бірінде кездескен.
“Мен караоке бастығының әйелін туған күнімен құттықтап, ән айтуға бардым. Кіріп келсем, Қайрат Нұртас түк болмағандай отыр екен. Болатпен айырылысып кеткен соң көмек сұрап, Қайратқа хабарласқан болатынмын. “Қайрош, мен үйсіз қалып қойдым. Қызыммен Алматыда қалғым келеді, маған көмектесші” деп көмек сұрадым. Ол: “Жақсы, мен сұрастырып көрейін. Менде ондай ақша жоқ, ақшамды әке-шешем ұстайды” деп жауап берді. Содан жоқ боп кетті. Әрине, ренішім бар. “Мен оған көмектестім ғой, осындай сәтте неге ол маған көмек қолын созбады?” деген ойлар болды”, – дейді Динара ақтарыла.
Әнші әріптесінің бұл әрекетін ақтап алуға да тырысты.
“Мүмкін, оның еш мүмкіндігі болмаған болар. Біріншіден, ол маған көмектесуге міндетті емес. Екіншіден, бұл – өзімнің кінәм. Бәлкім, осылай болу керек болған шығар. Бірақ оның орнында мен болсам, көмектесер едім”, –дейді Динара.
Бұған дейін Болат Назарбаеватың экс-тоқалы танымал хитменге көмектесіп, астындағы көлігін бергені туралы айтқан болатын.