“Жоғарғы сыныптың бірнеше оқушысы зорлаған”: Полиция Астана мектептерінде болған оқиғаны түсіндірді
Астана мектептерінің біріндегі сегізінші сынып оқушысын топтасып зорлағаны туралы ақпаратқа полиция департаменті жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-анасының айтуынша, оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлаған.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі елордалық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер” бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.
"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деп атап өтті департаментте.
Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, ешқандай ақпарат жария ете алмайтындарын хабарлады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда