Жоғарғы cоттың екі судьясы қызметінен босатылды
Жоғарғы соттың екі судьясы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы президентінің жоғарғы сотының судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қарап, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңның бабына сәйкес сенатқа босатуды ұсынады:
"Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы және Смаилов Асқар Спартакұлы басқа қызметке тағайындалуына байланысты жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды", - деді сенатор Владимир Волков.
Сенаторлар президенттің жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы ұсынысын қолдады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған