Жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген: Қостанайда 20 жыл бұрынғы қылмыстың беті ашылды
Қостанайда полицейлер 20 жылдан астам уақыт ашылмаған қылмыстың бетін ашып, 21 жастағы қызды кім өлтіргенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
2003 жылдың мамыр айында жеке тұрғын үйдің ауласынан зорлық-зомбылық өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Сараптама қызды тұншықтырып өлтіргенін анықтады. Нәтижесінде қылмыстың беті 21 жылдан кейін ашылды.
Тергеу қайғылы оқиғадан кейін бірден басталды. Полиция күдіктенген адам болды, бірақ ол кезде оны ұстауға айғақ жетпеген. Сонда да істі жаппай, тергеушілер жылдан-жылға материалдарды зерттеп, дәлелдемелерді талдады.
2024 жылдың ақпан айында қосымша іс-шараларды жүргізгеннен кейін полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адамды ұстады.
Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Ер адам қызбен кездесіп, олар ішімдік ішкен. Күдікті одан кейін жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Ол бас тартқаннан кейін ер адам жәбірленушіні тұншықтырып өлтірген.
Күдікті қазір қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.