Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жын кіріп кеткен": Қазнет қолданушылары әскерге шақырылған сарбаздың ерсі мінез-құлқын талқылауда

Қолы мен аяғы төсекке байланған жас сарбаз бейнеленген бейнежазба ғаламторды дүр сілкіндірді. Жігіттің айқайын естіп, ашуланған жүзін көрген қолданушылар жас жігіттің ішіне жын кірген деп топшылаған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

аскер сарбаз

Белгілі болғандай, көпшіліктің талқысына түскен видеоның кейіпкері шамамен бір ай бұрын әскерге шақырылған 18 жастағы Саят М. болып шықты. Жас жігіт ҚР ҰҚК Шекара әскерлерінің қызметіне қабылданған.

ҚР Қорғаныс министрлігі психикалық проблемалары бар жігіттің әскерге, тіпті арнайы қызметке қалай алынғандығы жөніндегі сұраққа, іріктеу сапасына жауапкершілік жергілікті билік өкілдері басқаратын шақыру комиссияларына жүктелетінін айтты.

"Әскерге іріктеу мен шақыруды жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер жүзеге асырады. Әкімдіктер жүргізген медициналық тексеруден кейін ҰҚК Шекара қызметі полиграфқа дейін қосымша іріктеу жүргізеді", – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Әсет Есенғұлов.


"Көзіне қарай алмадым": Сәуле Әбілдаханқызы ішіне жын кіріп кеткен қызбен кездескенін айтты


Қорғаныс ведомствосының өкілі Саяттың жағдайына қатысты тек жергілікті шақыру комиссиясының мүшелерін кінәлауға болмайды деп санайды.

аскер сарбаз 2 "Бұл оқиғаға бір жақты ғана қарауға болмайды. Мүмкін ол өзінің ауруын жасырған шығар. Егер жігіт арнайы тіркеуде тұрмаса, комиссия мүшелері ол туралы білмеуі мүмкін. Ал созылмалы аурудың бар екендігін сырт жүзінен анықтау мүмкін емес", – деп қосты Әсет Есенғұлов.

Ұлының ауруы бар екендігін медициналық кеңес мүшелерін ескертуге сарбаздың ата-анасы міндетті болған. Бірақ қандай да себептермен олар мұны жасамаған.

Бұл арада әскери қызметшінің видеосы желіде пайда болған кезде, Саяттың мінез-құлқы туралы оның туыстары ғана емес, колледжде бірге оқыған курстастары да білетіні белгілі болды. 

Осылайша достарының бірі Саяттың бір емес, бірнеше рет есінен танып қалғанын, ал есін қайта жиған сәтте маңындағы адамдарды соққының астына алатындығын айтқан. Сонымен бірге ол өзінің әкесіне де қол жұмсаған. Біраздан кейін жас жігіт есін жиып, не болғанын есіне түсіре алмайтын болған.

Қорғаныс департаменті бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілетінін, нәтижесінде жігіттің денсаулығына байланысты резервке шығарылатынын айтты. 

Талқылау