"Жылағанда дауысы әдемі әрі аянышты шықты": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың туған күнінде ерекше жазба жариялады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Өнер иесі жаңа жасын қарсы алып, жекеменшік мерекесін тойлады.
“Осыдан 36 жыл бұрын, төркіндеп Нүрекеңмен анашыма қонаққа бардық. Өзім алма және тұздалған балыққа жерік болатынмын. Бағымызда бүкіл ауыл қызығып қарайтын, бапталған жемістің бүкіл түрі болатын, дәмді алмаларды қысқа сақтаған соң өте дәмді. Сол алманы қайтқанша өте көп жедім, әсіресе көк түсін. Түнде Түркістан қаласындағы қайын ағамның үйіне келіп, көзім іліне бастағаннан ішім ауырып, минут сайын өршіп барады. Ішім-ішім деп айқаным сол еді, Нүрекең “сонша көк алма жей бердің өзің де” деп, ұйқысын жалғастыра берді. Бір кезде өкіріп жыладым, мүмкін емес, Нүрекең атып тұрып қуанып, перзентханаға алып келді. Сонымен, 25 ақпан күні түскі 14:15-те дейін ұзақ толғатып, тұла бойым тұңғышымды өмірге алып келдім”, – деп бастады әңгімесін продюсер.
Арт-менеджердің сөзінше, әнші болатынын жылаған даусынан сезген.
“6 әйел бір уақытта босандық. Медбикелерде ес қалмаған. Өте жас болған соң ба бірінші болып өзім босанып алып, елге ақыл айтып жатырмын. Алдында толғақ кезінде жылап жүріп, үлкен әйелдерден “өліп қалмаймын ба?” деп жылап тұрып, сұрап шыққанмын ғой. Кейін бірдей жаялыққа оралған бөпелерді 6 әйел жатқан палатамызға алып келді. Шулап қарындары ашып жылағанда дауыстары әр түрлі еді. Соны байқап жүрген келіншек маған қарап: “Сенің балаң жылағанда дауысы әдемі әрі аянышты шығады екен, жүрегіңді ауыртып елжіретіп жібергенде, мейірлене емізе салғың келіп кетеді екен” демесі бар ма?! Сол сөзі әлі күнге дейін есіме түседі. “Ауырмайды жүрек” әнін Қайрат айтқан кезінде, халық жүрегіміз елжіреп тыңдадық деп шулағанда іштей бір күліп алдым”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, продюсер "Алтын сағаттарын сыйлап кететін" деп Қайрат Нұртастың мәрттігін көпке үлгі еткен еді.