"Жыл хиті – 2023": Қазақстандық әнші Adil Мәскеуде күтпеген жүлдеге ие болды
Жастар арасында “Моя госпажа” әнімен танымал Adil (Адиль Жалмагамбетов) Мәскеуде музыкалық жүлдеге ие болды. Әншінің өзі жеке парақшасына сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Адиль Жалмагамбетов Мәскеуде FB журналының
шығармашылық байқауында жеңімпаз атанды. Оның "Госпажа" әні
биыл абсолютті хит болып танылды.
“Барша тыңдарманыма алғыс білдіремін. Жеңіс – біздікі”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әншінің әйелі, блогер Айи да әншіні жеңісімен құттықтады.
“Бұл – жеңіс!”
Достар бізді құттықтап қойсаңыздар болады
“Госпожа” әні ТМД-да “Абсолютті жыл хиті” (Абсолютный хит года) статуэткасын алды. Басында біз білмедік. Тек үміттеніп тұрдық. Бір жүлде бұйыратын шығар, әйтпесе Қазақстаннан шақырмайтын еді деп ойладық. Сіздердің арқаларыңызда жеңімпаз атандық”, – деп жазды әншінің әйелі.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған