AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстанға 130 мыңға жуық Ресей азаматтары келген

Жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 130 мыңға жуық адам келді, оның 120 мыңы кері оралған. Ал Украинаның 3481 азаматы елде жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

"1 қаңтарды алсаңыз, қазір біздің елге 457 мыңдай шетелдік кіріп отыр. Көбінесе көрші халықтардан, ең көбі Өзбекстаннан, екінші орында Ресей тұр. Ал 24 ақпаннан 11 сәуірге дейін 130 мың Ресей азаматы елімізге кірген, 120 мыңнан астамы шығып кеткен", - деп жауап берді Қожаев. 

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп отыр. Бірақ 2020-2021 жылдары пандемия кезеңінде шекаралар жабылған болатын.

"Оның алдындағы 2018-2019 жылдарға қарасақ, ол цифрлардан әлі үш есе кембіз, ол жылдары бірінші тоқсанда-ақ 350-360 мың адам кіріп-шығып отырған. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанда Украинаның 3481 азаматы жүр”, – дейді вице-министр. 

Қазіргі статистикаға сүйенсек, 170 Ресей азаматы, 7 Украина азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген.

“Бұл сандар алдыңғы жылдардағы өтініштермен бірдей, яғни 2019 жылы ресейліктер саны 200-ден асса, қазір 170 адам. Уақытша тұруға сұранған адамдар саны кішкене артып келеді. Былтырғы-алдыңғы жылдарға қарағанда 350-400 адам сұранса, қазір мыңнан асып кетті, дәлірек айтқанда 1055 ресейлік уақытша тұруға рұқсат сұрады. Бұл миграциялық процестердің бәрін бақылап отырмыз", - деді Марат Қожаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр