Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев дертіне дауа іздеп Түркияға кетті

Жақында ғана «Меломен» тобынан бөлініп кеткен әнші Жігер Ауыпбаев бүгін азанда Түркияға ұшып кетті. Әнші онда емделмекші,-деп жазды Stan.kz сайтының тілшісі.

ауппп

Жігердің достарының сөзінше, ол соңғы бірнеше жылдан бері ауырып жүрген. Бүйрегін көтере алмай қалған кездерде Алматыдағы және Астанадағы бірнеше ақылы, мемлекеттік емханалардың білікті мамандарына қаралыпты.

ауп1

 

Дәрігер айтқан дәрі-дәрмектерді ішкеннен кейін тағы бірнеше ай дертін ұмытқан әнші, араға уақыт салып тағы ауырып қалып жүріпті. Ауыпбаевтың досы өзіміздің дәрігерлер уақытша ем айтқаннан кейін, өзге елдердегі мамандардың қызметіне жүгінуге тура келді деп отыр.

Бүгін Астана уақытымен таңғы 6:00-де Түркияға ұшып кеткен Жігер сол елде бір аптаға жуық емделмекші.  Алдын ала дәрігермен келіскен әншінің сенімді өкілі, серіктесінің осы сапардан сауығып оралатынына сенімді.

Қазір Түркиядағы маманның тексеруінен өтіп жатқандықтан әншімен тілдесу мүмкін болмады.

Жолға шыққан Жігер Инстаграм парақшасында Түркияға кетіп баражатқанын жазған.

“Сапарға шыққан жандарға Алла ақ жол беріп, жақындарының жанына аман-есен оралуды нәсіп етсін”,-деген әнші.

Оқи отырыңыз:

Еркін Нұржанов дүниеден өткен анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Жұрт Луинаның “жыртық” шалбарына “ит талаған” деп баға берді

Талқылау