Жігер Ауыпбаев талантымен елді баураған қойшы баланы шәкірт етіп алды
"Бұлақ көрсең көзін аш!" Ғаламторда ән айтқан видеолары арқылы танылған қойшы бала өнер жұлдыздарын бейжай қалдырмады. Жігер Ауыпбаев қой бағып жүрген жігітті қалаға әкеліп, өзіне шәкірт етіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жігер жас баланың талантының ашылуына, халыққа танылуына көмектесу үшін алдымен оның ауылына барып, ата-анасының рұқсатын алды. Сөзіне қарағанда, қойшы баланың талантына таңдай қағып, өнерін паш еткісі келген жалғыз ол емес екен.
"Сайын далада еш заңдылыққа бағынбай қой бағып, емін-еркін сайрап өскен Қойшы баланың бойынан бала күнгі Жігерді көргендей болдым.
Туған ауылым Кегеннің оң жақ қапталынан орын тепкен Көкпияз ауылында балалық шағымның бір бөлшегі қой бағумен өткен еді.
Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын. Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып қойларға айқайлап ән айтып беретін едім. Таудың тәрбиесі бөлек қой", – деп бөлісті Жігер.
Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа көлік сыйлады
Ауыпбаев қойшы баланың ән айтқанын ғаламтор желісінен көріп қалып, нөмірін тауып хабарласқанын айтады. Айтуынша, ата-анасы өзінің жерлесіне, яғни Жігерге шәкірттіке беруге ниет еткен.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дейді қазақ. Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін. Десек те, осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді Қойшы баланы баптап көреміз.
Өнер жолы өте ұзақ жол. Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді. Арманға жету жолында қаншама қиындықтар, соқпақ жолдар кездеседі…
Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды. Ал сіздер Қойшы бала екеумізге сәттілік тілеп, ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар. Бұйырса жақын арада Қойшы бала екеумізден жаңа ән тыңдап қаларсыздар", – деп қуанышты жаңалығымен бөлісті Ауыпбаев.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”