Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобынан кеткен соң немен айналысқанын жасырмай айтты

Белгілі әнші, “Меломен” тобының экс-мүшесі Жігер Ауыпбаевтың топтан бөлініп кетуіне не себеп болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Меломен” тобының төрттік болып сақталып қалуы үшін көптеген өнердегі ағаларымыз барын салды. Бізге келіп ақыл-кеңесін айтты. Сол кезде бір-бірімізге деген қатты реніш болды”, – дейді Жігер. 

Бағдарламаға келген сарапшылар топтағы жігіттердің тарапынан Жігерге әлімжеттік көрсетілді деп топшылады. Бастапқыда мұны жоққа шығарған әнші топтағы жігіттердің өзіне күш көрсеткенін айтып қалды. 

“Меломендік” жігіттер сұхбаттарының бірінде Жігердің топқа оралмақ болғанын айтты. Алайда топ мүшелері әншіні ұсынысын қабыл алмаған.

“Жігер бізге келіп, “топқа оралайыншы” деп сұранды. Арамызда реніш болды, оның үстіне бейнебаяндарымызды көрінген жерде қоя алмаймыз, әндерімізді қайтадан жазамыз. Оның бәрі үлкен жұмыс. Қайтадан аяққа тұру қиын. Ал Жігер жеке әнші болғандықтан, оған бұл еш қиындық тудырмайды. Тыңдарман Жігерді ұмытатындай уақыт болды. “Жігер деген кім?” дейтіндер де бар. Оның үстіне “бір кеткен адам қайтадан кетіп қала ма деп қорқасың”, – дейді топ мүшесі Қайрат. 

Жігер де мұндай әңгіменің болғаны растады. Дегенмен ол өз ақиқатын айтудан тартынған жоқ.

“Мұндай әңгіменің болатынын білдім. Негізі топтан кеткен әншінің өзін-өзі қалыптастыруы қиын. Менде ол кезде ақша да жоқ. Топтан кеткен соң соңғы ақшама анамды алып Меккеге кетіп қалдым. Себебі, қоғамнан шаршап кеттім. Елге оралған соң ақша жоқ, кепканы басып киіп, көзілдірік пен бетперде тағып таксист болдым. Клубтардың алында тұрамын, орыстарды ғана аламын, қазақтар шықса алмаймын. Сөйтіп ақша тауып жүріп қиналып кеткен соң ауылға кетіп қалдым. Екі айдай ауылда жүрген кезде Айман деген тыңдарманым маған хабарласып, жанкүйерлерімнің маған деп жинаған 500 мың теңгесін табыстады. Тыңдарман осындай қолдау көрсеткенде “өнерді тастаймын” деп ауылда жүрген менің тамағыма өксік тығылып, көзім жас келді. Түнде киімдерімді жинап, Алматыға кетіп қалдым. Сөйтіп студияға келіп, алғашқы әнімді жаздым”, – дейді өнер иесі ақтарылып.

Талқылау